Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Елордада кезекті "Соғым-FEST" ет жәрмеңкесі өтеді

Бүгiн, 08:11
185
Бөлісу:
 Астана қаласының әкімдігі
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада 13-14 желтоқсан күндері дәстүрлі «Соғым-FEST» ет жәрмеңкесі өтеді. Іс-шараға Ақмола, Абай, Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстарынан келген фермерлер қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Жәрмеңке «Keryen Joly» сауда орталығының автотұрақ аумағында (Алаш тас жолы, 35Б) ұйымдастырылады.

Осы күндері сауда орталығының ішінде қала тұрғындары асыға күтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі де өтеді. Мұнда жергілікті шаруалар мен еліміздің түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Келушілер көкөніс, жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдері, түрлі бәліштер, табиғи шырындар, тосаптар, джемдер және басқа да тауарларды қолжетімді бағамен сатып ала алады, - делінген хабарламада.

Жәрмеңкелер әр демалыс сайын таңғы 10:00-ден кешкі 19:00-ге дейін жұмыс істейді.

Келушілердің қолайлығы үшін жәрмеңкенің маңына №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағытындағы автобустар қатынайды.

Өзгелердің жаңалығы