Елордада қазақ тілін үйрететін тегін курс ашылды

25 Ақпан 2021, 18:53
1722
Бөлісу:
Елордада қазақ тілін үйрететін тегін курс ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласындағы «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне» қарасты №12 көпшілік бұқаралық кітапханасында ересек тыңдаушыларға арналған қазақ тілі курстары ашылды. 

Кәсіподақтар орталығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақ тілін оқыту сабақтары кітапхананың бастауыш кәсіподақ ұйымының бастамасымен бастамасымен ашылып отыр. 

Біз «Руханият» мемлекеттік тіл орталығына жүгіндік, өйткені олар өз ұйымдарының қабырғасында тегін сабақтар өткізетіндерін білдік. Олар біздің ұсынысымызды қолдады. Әзірге төрт топ офлайн және онлайн форматында ана тілімізді ақысыз үйреніп жатыр. Офлайн топқа 15 тыңдаушыдан артық кірмейді. Сабақ өткізу кезінде барлық санитарлық нормалар сақталады, - дейді бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Шынар Үстенбекова.

Тыңдаушылар қазақ тілін қарапайым деңгейден бастап жоғары деңгейге дейін ересектерге арналған қазақ тілі оқулығын пайдаланып үйренеді. 

Курстар аптасына үш рет жоспарланған. Бір сабақ уақыты 80 минут. Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушылар сертификат алады.

Өзгелердің жаңалығы