Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада салық органдары кәсіпкерлердің банктік шоттарын негізсіз бұғаттап, олардың заңды қызметіне кедергі келтіруде. Осыған орай Кәсіпкерлер палатасы жиын өткізді.
Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасына елорданың салық органдарының әрекеттеріне қатысты шағымдар келіп түсуде. ШОБ субъектілері шоттарды және ЭШФ ақпараттық жүйесін негізсіз бұғаттауы, сондай-ақ, әріптестеріне олардың бизнесінің жоғары тәуекел дәрежесі туралы хабарлама жіберуі кәсіпкерлердің іскерлік беделіне нұқсан келтірді. Олар сол себепті шағымданып отыр, - дейді Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қуанышбек Мұқаш.
Сонымен қатар ол қандай себеппен жергілікті кәсіпкерлер мұндай қиыншылыққа ұшырап отырғанын айтты.
Мұндай «жұмыс» - көлеңкелі экономика деңгейін төмендету және салық төлеуден жалтару мақсатын көздейтін «бір күндік фирмаларды» анықтап, алдын алу үшін енгізілетін салық. Кәсібін адал жүргізетін кәсіп иелерін қорғау мақсатында «бір күндік фирмалар» ұсынатын көлеңкелі экономика деңгейін жою үшін әзірленген құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Мемлекеттік кірістер департаменті жұмыс жүргізеді. Өкінішке қарай, іс жүзінде олардың орнына адал кәсіпкерлер салықтық тексерулердің тұрақты объектілеріне айналып отыр, – деп Қуанышбек Мұқаш.