Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаржы пирамидалары жаңа салымшыларды тарту үшін көбіне өздерін жоғары инвестициялар саласындағы табысты ұйым ретінде көрсетеді.
Мұндай компаниялар заңды микроқаржы ұйымдары, тұтыну кооперативтері, ноу-хау жобалары, зергерлік бұйымдар және басқа компаниялар ретінде жасырылады.Агенттіктің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Жедел-іздестіру шаралары барысында Нұр-Сұлтан қаласының аумағында салымшылардың қаражатын тартатын және кемінде үш жаңа салымшы тартылған кезде салым сомасының 100%-ын қайтаруға уәде беретін «Best Road Investment» ЖШС қызмет ететіндігі анықталды.
Қазіргі уақытта зардап шеккен адамдар мен келтірілген залалдың сомасы анықталып жатыр.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды.