Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп Қарасай батыр көшесінде жол төсемін жөндеу жұмыстарын бастады.
Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
Осы жылдың 29-31 мамыры аралығында жөндеу жұмыстарына байланысты Біржан Сал көшесінен К.Байсейітова көшесіне дейінгі учаске автокөлік қозғалысы үшін ішінара жабылды.
Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз, — делінген басқарма хабарламасында.