Елордада карантин тәртібін бірнеше рет бұзған 12 мекеменің қызметі тоқтатылды

28 Қаңтар 2021, 20:50
1219
Бөлісу:
Елордада карантин тәртібін бірнеше рет бұзған 12 мекеменің қызметі тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың бірқатар кәсіпкері қолданыстағы қаулыға қарамастан шектеу шаралары көрсетілген талаптарды әлі де сақтамай келеді. Қазір ойын-сауық мекемелерінде коронавирус індетін жұқтыру ықтималдығы артып отыр. Осылайша бас қалада кәсіпкерлер шектеу және карантиндік шараларды қатаңдатуға мәжбүр етіп отыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Заң бұзушылықтар тізімінде бұқаралық іс-шаралар өткізу, жұмыс режимін және келушілердің белгіленген санын сақтамау, жұмыс істеуіне тыйым салуды елемеу, сондай-ақ қоғамдық мекемелер қызметкерлерінің маска режимін бұзуы жиі кездеседі.

Осылайша, бүгінгі күні сот 12 қоғамдық мекеменің қызметін тоқтатты және әкімшілік айыппұлдар салды. Олары: «Жаным сол» караоке-бары, «Алания» түнгі клубы (Манас көшесі, 9/1), «Tequila» караоке - бары, «Алтын» мейрамханасы, «Echo» лаундж бары, «Сторис» лаундж бары, «Raspawn» компьютерлік клубы, «Kango» батут паркі, «Abba» лаундж бары, «Ginza» караоке-мейрамханасы, «Табыс» дүкені.

Елордалық кәсіпкерлер де түрлі қулықтарға баратын болды. «ZOLOTO» мейрамханасының қызметін жүзеге асыратын «Золото-Астана» ЖШС кәсіпкерлік субъектісі шектеу және карантин шараларын бұзғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Ары қарай үлкен әкімшілік айыппұлдарды болдырмау мақсатында «Золото-Астана» ЖШС жеке тұлға Д.М. Темірболатовамен (кейін мейрамхана қызметкері екені анықталды) жалдау шартын жасапты. Тиісті талаптарды орындамағаны үшін іс материалдары сотқа жіберілді. Сот «ZOLOTO» мейрамханасының қызметін тоқтату туралы шешім шығарды және 100 АЕК-тен астам әкімшілік айыппұл салды.

Қолданыстағы тыйым жүзеге асқанмен 27 қаңтарда сағат 23.05-те мобильді топ заңсыз жұмыс істеген «Панаехали» атмосфералық барын анықтады. Мекеме әкімшілігі де қулыққа барыпты. Яғни мекеменің кіреберісі сырттан қарағанда жабық тұрғандай болған. Алайда анықтай келе барға кіру үшін жұрт мекеменің асханасы, содан кейін зал арқылы кіргені белгілі болды, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, рейд барысында мониторингтік топ сағат 00.44-те «Банзай» кафесі тарапынан санитарлық нормаларды бұзып, келушілердің көңіл көтеріп жүргенін анықтады.

Полицейлердің айтуынша, карантин режимін тек ойын-сауық мекемелерінің иелері ғана бұзбайды. Түнгі рейдтер барысында мобильді топ тыйым салынған уақытта жұмыс істейтін лото-клубтарды, компьютерлік клубтар мен дүкендерді анықтады.

Елорданың бас санитарлық дәрігері кешкі сағат 20.00-ден кейін барлар мен мейрамханаларда көңіл көтеруге қатаң тыйым салды. Тәртіп бұзушыларға айыппұл салынады. Бизнесмендерге 600 мың теңгеден астам, ал қонақтарға 87 мың теңге айыппұл белгіленген.


Өзгелердің жаңалығы