Елордада карантин кезінде жұмыс істеген нысандар анықталды

1 Тамыз 2020, 18:46
1257
Бөлісу:
Елордада карантин кезінде жұмыс істеген нысандар анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантин кезінде Нұрсұлтан қаласында спа-салондар, мейрамханалар мен бильярд бөлмелері жұмыс істеген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті хабарлады.

Полиция, эпидемиологтар, еріктілер, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен жасақталған мобильді топтар карантин режимін бұзу бойынша жұмысты жалғастыруда. Тексеру барысында карантин режимін бұзудың көптеген фактісі анықталды. Тексерулер көрсеткендей, барлық бизнес-құрылым тәртіпті сақтамайтынын көрсетті, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Тексеру барысында 1 тамызда сағат 00.30-да Мұстафин көшесінде орналасқан спа-салоны жұмыс істегені анықталды. Карантин шараларына қарамастан, мекеме келушілерді қабылдап келген. Мобильді топ келген кезде спа-процедураларды қабылдап жатқан клиенттер болды.

Сондай-ақ, Рысқұлбеков көшесінде түнгі 22.30-да жұмыс істеген дүкен анықталды.

WhatsApp Image 2020-08-01 at 13.07.03.jpeg

Сонымен қатар, тексеру барысында Тұран көшесінде орналасқан мейрамхана қызметін тоқтатпай, келушілерді қабылдады. Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық соты мейрамхана директорына қатысты халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ ҚР ӘҚБК 425-бабында көзделген гигиеналық нормативтерді бұзғаны үшін 252 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы шығарған болатын. Бірақ мейрамхана иесі тиісті қорытынды жасамады және мейрамхана карантин режимінің талаптарын бұзып, жұмысын жалғастырды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Тұран көшесіндегі бильярд клубы тарапынан тәртіп бұзушылық анықталды.

Барлық жиналған материал іс жүргізу шешімін қабылдау үшін тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді.

5 шілдеден бастап Нұр-Сұлтанда 591 бұзушылық тіркелді, оның 224-і маска тағу және әлеуметтік қашықтықты сақтау бойынша міндетті талап бойынша бұзушылық және 367-сі тыйым салынған уақытта қызметін жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектілерінің карантинді бұзуы.

Тексеру барысында полицейлер ойын-сауық орындарына, қоғамдық тамақтану объектілеріне, сауналарға, моншаларға кіріп, иелеріне қолданыстағы карантин шаралары туралы ескертеді, сондай-ақ бұзушылық фактілерін анықтайды.

Өзгелердің жаңалығы