Елордада қала маңына қатынайтын 8 автобус маршруты тоқтатылады

3 Қаңтар 2021, 10:07
1658
Бөлісу:
Елордада қала маңына қатынайтын 8 автобус маршруты тоқтатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының қолайсыздығына (қатты аяз -30 - 38) байланысты қала маңына қатынайтын автобустар тоқтады. 

Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы Facebook-тегі парақшасына жазды.

Ауа райының қолайсыздығына (қатты аяз -30 - 38) байланысты қала маңына қатынайтын № 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды, - делінген хабарламада.

Басқа қала маңына қатынайтын бағдарлар линияда.

Өзгелердің жаңалығы