Елордада көтерме-тарату орталығы салынады

28 Шілде 2020, 09:01
1211
Бөлісу:
Елордада көтерме-тарату орталығы салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында елордада көтерме-тарату орталығы салынады.

Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмұрзаев бас қалада көтерме-бөлу орталықтарының құрылысы жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Көтерме-бөлу орталықтарында көкөніс сақтау желісін дамыту бойынша нақты инвесторлармен жұмыс істеуді бастадық. Қазіргі уақытта көтерме-тарату орталықтарының құрылысы бойынша 3 инвестор бар. Сол сияқты министрлікпен бірлесіп мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша қосымша көтерме-тарату орталықтарының құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл инфрақұрылымның бәрі болашақта елорданың әлеуметтік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, – дейді басқарма басшысы.

Өзгелердің жаңалығы