Елордада "Күлше қыз" балетінің премьерасы өтеді

3 Желтоқсан 2019, 13:44
4787
Бөлісу:
Елордада "Күлше қыз" балетінің премьерасы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Желтоқсанның 20, 21 мен 22 күндері астаналық театр Шарль Перроның ертегісінің желісі бойынша "Күлше қыз" балетін қояды.

Аталған ертегі балет сахнасында алғаш қойылып отыр. Премьераға дайындық екі ай бұрын басталған. Хореограф Надежда Калининаның айтуынша, "Күлше қыз" күрделі жобаларының бірі. 

Бұл алғаш қойылып жатқан дүние. Хореография, декорация, костюмдер, бейне контент – арнайы "Астана Балет" үшін дайындалып, киімдерін тігіп жатырмыз. Адам баласы ертегіні қажетсінеді. Біздің мақсат отбасыңызбен бірге көретін, заманауи стильде жасалған, тартымды кейіпкерлері көп, әзілі бар жарқын спекткль жасау. Балетте комедия жанры мүлдем сирек қолданылады, өйткені, сахнада тентектің кейіпін сомдау, күлдіру өте күрделі. Ол үшін белгілі бір дәрежеде ішкі бостандық қажет, - дейді балетмейстер. 

Алдағы премьераға театрдың балет труппасы толық қатысады. 

Спектакль хореографиясында мен әртістерге иек артамын, оларды әрдайым осы дүниені бірге шығарушы ретінде қабылдаймын. "Астана Балет" әртістеріне қарап, шабыттанамын. Бойыма қанат біткендей болады. Труппаның кәсіби тұрғыда осыншалықты өскені таң қалдырады, тамсандырады. Себебі, олармен осы театр құрылған шақта жұмыс істегенім бар, - дейді ол.

Хореограф Надежда Калинина либреттоның да авторы. Декорация мен костюм суртешісі - танымал сценограф Сергей Новиков. Оның интерпретациясына сәйкес, балет оқиғасы Күлше қыздың күнделігі ретінде өрбиді. 


Өзгелердің жаңалығы