Елордада Group Ironman жарысы кезінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі

13 Тамыз 2022, 10:56
1775
Бөлісу:
Елордада  Group Ironman жарысы кезінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі

14 тамызда BI GROUP IRONMAN 70.3 ASTANA ірі халықаралық жарысында триатлон әуесқойлары қайта бас қосатын болады. Осыған байланысты қалада бірнеше көше жабылады, деп хабарлады BAQ.KZ Elorda.info сілтеме жасап.

Жарыс Қазақстанда 2018 және 2019 жылдары өтті. Биылғы аталған қашықтықтан немесе «жармадан» басқа «толық Ironman» – BI GROUP IRONMAN KAZAKHSTAN өтеді. Әрбір жарыс үзіліссіз өтетін үш кезеңнен тұрады: 3,86 км-ге жүзу, велосипедпен 180,25 км жүріп өту және 42,195 км-ге марафондық жүгіру. Ironman 70.3 сериясының жарыстары екі есе қысқартылған қашықтықта жарысты қарастырады: 1,9 км жүзу, велосипедтік бәйге 90 км, 21,1 км жүгіру.

Стартқа әлемнің 77 елінен 2 200 триатлет қатысады. Бұл екі жылдық үзілістен кейінгі Қазақстандағы бірінші бәйге. Ұйымдастырушылар Ұлыбритания, Үндістан, Германия және Ресейден триатлеттердің үлкен тобын күтуде.

14 тамызда BI GROUP IRONMAN бәйгесін өткізу кезінде астанада келесі бағыттар бойынша автокөліктердің қозғалысына жартылай шектеу қойылатын болады:

04:00-18:00 аралығында Б.Момышұлы даңғылы бойынша Елім-ай көшесінен бастап Сарайшық көшесіне дейін жолдың екі жолағын жартылай жабу;

04:00-18:00 аралығында Байтұрсынұлы көшесі бойынша - Тәуелсіздік даңғылына дейін жолдың екі жолағын жартылай жабу;

04:00-11:00 аралығында Тәуелсіздік даңғылынан бастап – Нәжімеденов көшесі бойымен Қалдаяқов көшесіне дейін жартылай жабу;

04:00-11:00 аралығында - Нәжімеденов көшесінен бастап одан әрі Қалдаяқов көшесі бойымен Арыс көпірі арқылы көпірдің оң жағынан Мәңгілік ел көшесіне түсіп Достық көшесіне дейін Ақорда алдындағы алаңға оң жақ бұрылыс. Бұдан әрі алаң айналасындағы шеңбермен және Арыс көпірінің астында ОКЗ бойымен Әлихан Бөкейханов көшесіне;

04:00-11:00 аралығында - Әлихан Бөкейханов көшесі бойымен Керей-Жәнібек көшесіне дейін;

04:00-11:00 аралығында Керей-Жәнібек көшесі бойымен 38-ші көшеге дейін жартылай жабу;

04:00-11:00 аралығында - 38-ші көше бойымен Ұлы дала даңғылына дейін жартылай жабу;

04:00-18:00 аралығында Ұлы дала даңғылынан бастап Оңтүстік айналма жолына дейін 04:00-18:00 аралығында айналма жол бойынша М 36 тасжолынан түскенде Қорғалжын тасжолына бұрылысқа және Нұрпейіс Бағанин көшесімен қиылыста велотұрақтың жанында бұрылысына дейін жартылау жабу;

04:00 - 18:00 аралығында Оңтүстік айналма жолынан Ұлы дала даңғылының оң жағында жаңа көпір арқылы Нәжімеденов көшесіне дейін;

04:00 - 18:00 аралығында Нәжімеденов көшесінен бастап Тәуелсіздік даңғылына дейін;

Бұдан әрі Триатлонға мәре Байтұрсынұлы көшесі бойынша саябақ .

Жолды жабудың толық картасы 2ГИС сервисінде көрінетін болады.

Айта кетейік, іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі және Қазақстандық триатлон федерациясының қолдауымен өтеді.

Өзгелердің жаңалығы