Елордада газ қондырғыларына тексеріс жүргізілуде

17 Қаңтар 2020, 09:12
1418
Бөлісу:
Елордада газ қондырғыларына тексеріс жүргізілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы елорданың түрғын үй шаруашылықтарында газ қондырғыларының жұмысына тексеріс жүргізіп жатыр. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Өткен жылы басқарма қызметкерлері 1 400 резервуарлық қондырғыларды тексерістен өткізді. Оның нәтижесі бойынша "АстанаГазҚызмет" ЖШС-нің меншік иесіне ескертулерді жою мақсатында 340 анықтама берілді. 

Қазіргі уақытта серіктестік иесі аталмыш мәселелердің барлығын ретке келтірген. Бүгінгі күні қалада 340 жинақтама резервуарлық қондырғылар, 1400 жер астындағы резервуарлары бар. 

Қазақстан Республикасының № 532-IV "Газ және газбен жабдықтау туралы" заңына сәйкес екі қабаттан асатын көп пәтерлі тұрғын үйлерде тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын сақтауға және (немесе) пайдалануға тыйым салынады. Бүгінгі күні пәтер иелерімен, басқарушы ұйымдармен (ПИК, ТҚК), заңды тұлғалармен тұрмыстық баллондарда сұйытылған газды пайдалану мәселесін түсіндіру бойынша 556 оқыту жұмысы жүргізілді, - делінген хабарламада.

Оның барысында екі қабаттан жоғары қабатты ғимараттарда баллондарды пайдаланудың 34 жағдайы анықталды.

Сонымен қатар, 807 ТҚШ-ның ішкі газ құбырларының тексерілуі жүргізіліп, оның нәтижесінде крандарды ауыстыру бойынша 807 анықтама берілді. Қазіргі таңда 914 кран ауыстырылды. 

Осы мәселені кешенді түрде шешу үшін Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы "АстанаГазҚызмет" ЖШС және "Бәйтерек" ПИК қауымдастығының арасындағы келісімге қол қойды. 

Келісімнің шеңберінде, "АстанаГазҚызмет" ЖШС 104 газ қызметінің нөмірі бойынша Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарынан өтінімдерге ақысыз тәулік бойы жауап қайтарады. Ал бұрын, апаттық қызметін шақыру үшін астаналықтар 5000 теңге сомасындағы ақы төлейтін. 

Сондай-ақ компания қаладағы газға қосылған барлық көппәтерлі тұрғын үйлеріндегі кіреберіс ішкі жүйелерінде қызмет көрсетеді. Басқарманың берілген анықтамаларына сәйкес ауыстыруды талап ететін ішкі кіреберіс газ құбырларындағы барлық қрандарды алмастырады. 

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, жазбаша өтініштер саны 95%-ға төмендеді. Ал iКомекке келіп түсетін тұрғын үйлердің аулалары мен кіреберістеріндегі газ ағуы бойынша өтініштер саны 90%-ға азайғандығын айта кеткен жөн.


Өзгелердің жаңалығы