Елордада газ қосу сервис орталығы ашылады

8 Қараша 2020, 18:13
1470
Бөлісу:
Елордада газ қосу сервис орталығы ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ жаңа сервис орталығына Көктал-1, 2, Железнодорожный, Промышленный, Агроқалашық елді мекендерінің тұрғындары жүгіне алады.

9 қарашада «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ жаңа сервис орталығының ашылуы өтеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ сервис орталығынан газбен жабдықтау үшін техникалық шарттар алуға болады, сондай-ақ газ қосуға өтінімдер қабылданады. Аталған орталыққа Көктал-1, 2, Железнодорожный, Промышленный, Агроқалашық елді мекендерінің тұрғындары жүгіне алады.

Мекен жайы: Республика даңғылы, 24 үй, Парасат" БО.

Жұмыс кестесі 9:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Еске сала кетейік, елордада тұрғын үй алаптарында газбен жабдықтау желілерін салу жұмыстары жалғасуда. Мысалы, Железнодорожный елді мекенінде желілер арқылы газ жіберу толық қамтамасыз етілген. Газ қосатын тұтынушылар бойынша қажетті іс-шаралар жүргізілуде.

«Көктал-2» және «Промышленный» елді мекендерінде кварталішілік газбен жабдықтау желілерінің құрылысы бойынша жұмыстар аяқталды. Ішкі желілер бойынша іске қосу-жөндеу жұмыстары жасалып жатыр.

«Көктал-1» елді мекенінде газбен қамтамасыз ететін тарату желілерінің 90 пайызы салынды. Бұл жұмыстар Агрогородокта және Оңтүстік-Шығыста жүргізіледі.

Биыл 1-ЖЭО және 2-ЖЭО қазандықтары газға ауыстырылды. Газдандыру процесі үш кезеңге бөлінген, барлық тұрғын үй алаптары кезең-кезеңмен қосылатын болады. Газдандыру экологияны жақсартып және тұрғындардың денсаулығына жағымды әсер етіп қана қоймай, жеке сектор тұрғындарының өмір сүру жағдайын айтарлықтай жеңілдетеді.

Айта кету керек, газдандыру мәселесі Мемлекет басшысының бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы