Елордада футболдан инклюзивтік турнир өтті

11 Қазан 2019, 17:20
1150
Бөлісу:
Елордада футболдан инклюзивтік турнир өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы психикалық денсаулықтың медициналық орталығында дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай  ашық есік күні өтті. Соның аясында футболдан инклюзивтік турнир өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл күні орталықтың келушілері білікті психиатрлар мен психологтардан кеңес алып, орталықтың психо-әлеуметтік орталығының клиенттері жасаған қолөнер бұйымдарының көрмесіне қатысты.

ҚР ДМ Қоғамдық денсаулық ұлттық орталығымен бірлесіп, суицидтің алдын алу бойынша семинар ұйымдастырылды. Нұр-Сұлтан қаласының № 35 және № 1 мектеп-лицейлерінің 8-11 сынып оқушыларының алдында орталықтың суицидолог маманы Михаил Смецкой дәріс оқыды. Оның айтуынша, дұрыс әрі сауатты өмір сүрсе адам өмірін сақтап қалуға болады.

"Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай, алғаш рет футболдан "Mental cup" өтіп, оған орталықтың науқастары мен "Нұр-Отан" партиясының, "Green Tall" әлеуметтік шеберханасы, "Өмір тынысы"  қоғамдық қорының командалары қатысты", - делінген таратылған ақпаратта.

Матч ұйымдастырушылары мұндай инклюзивтік жолдастық кездесулерді республикалық деңгейге шығаруды көздеп отыр, өйткені ол психикалық ауытқулары бар адамдарды оңалтудың бір бағыты болып табылады


Өзгелердің жаңалығы