Елордада этносаралық қатынастар саласындағы салалық журналистика бойынша курс өтіп жатыр

28 Маусым 2022, 18:26
1107
Бөлісу:
Елордада этносаралық қатынастар саласындағы салалық журналистика бойынша курс өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін  Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен ЕҰУ-де «Жаһандану кезеңіндегі этникалық мәселелер және мәдениет» атты этносаралық салада маманданған журналистерге оқыту курстары басталды.

Бұл туралы АҚДМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Оқыту курстары офлайн форматта өтуде және 2022 жылдың  2 шілдесіне дейін жалғасады. 
Курста этносаралық тақырыпты БАҚ-та дұрыс жариялаудың қыр-сыры мен ерекшеліктері, БАҚ-тың этносаяси үдерістерге ықпалы, этносаралық саланы жариялайтын журналистер үшін этносаяси сауаттылықтың аспектілері түсіндіріледі.

Семинардың спикерлерінің бірі - Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы, саяси ғылымдарының кандидаты Ғалым Шойкин. Сонымен бірге, іс-шараға этномәдени орталықтардың өкілдері, сарапшылар қатысты.

Өзгелердің жаңалығы