Елордада еріктілерді дайындайтын Волонтерлер мектебі жұмыс істейді – Көлгінов

22 Маусым 2021, 11:08
3153
Бөлісу:
Елордада еріктілерді дайындайтын Волонтерлер мектебі жұмыс істейді – Көлгінов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов Үкімет отырысында елордадағы волонтерлік қызмет туралы айтып берді.

Қазіргі таңда қала тұрғындарының 20%-ға жуығы 14-29 жас аралығындағы азаматтар санатына жатады. Оның ішінде 67 мыңға, яғни 30%-ға жуық адам волонтерлік қызметке тартылған, - деп түсіндірді қала әкімі.

Көлгінов айтып өткендей, былтыр Мемлекет басшысы жариялаған Волонтерлер жылы шеңберінде елордада волонтерлік қызметті одан әрі дамыту үшін бірқатар шара қабылданды.

Қалалық волонтерлер штабы құрылды. 2 мыңнан астам волонтерлік акция ұйымдастырылды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 4 есеге көп. Штабтың қызметіне 5 мыңнан астам тұрақты волонтер, жүзден астам меценат және бастамашыл топ, 8 үкіметтік емес ұйым тартылды, - дейді ол Үкімет отырысында.

Көлгіновтің сөзінше, 1,5 мыңнан астам кәсіби волонтерді дайындаған Волонтерлер мектебі жұмыс істейді. Еріктілер Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарына, COVID-19 пандемиясына қарсы күреске белсенді қатысты. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтарына тұрақты түрде көмек көрсетіп келеді.

Бұған дейін еріктілердің ең төменгі жас шегі белгіленгені хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы