Елордада ерекше шырша қойылды

30 Желтоқсан 2019, 17:26
10787
Бөлісу:
Елордада ерекше шырша қойылды
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Елордада бүгін қолдан тоқылған шырша орнатылды. Бұл шара әлемнің бірнеше елінде қолдау тапқан.

image-30-12-20-03-00-1.jpeg

Шырша қазақтың құрақ көрпе құру техникасы арқылы жасалды. Әлеуметтік акцияға 50-ден астам ерікті қатысты. Сондай-ақ, Алматы, Ақкөл, Көкшетау, Қарағанды қалаларының тоқымашылары бірігіп, өз жұмыстарымен бөлісті.

image-30-12-20-03-01-3.jpeg

Мақсат - темір қаңқасына әдемі тоқылған тоқыманы жасау. Ондаған шебер осындай ерекше жаңажылдық туындыны жасау үшін тынбай еңбектенді. Белгіленген өлшем бойынша 20х20 көлемімен жүздеген құрақ жасалды. 
Бұл жобаның жүзеге асуына қазақстанның түкпір-түкпірінен тоқыма өнерінің жанашырлары атсалысты. Үй шаруасындағы аналар, қарттар үйіндегі ата-әжелер де осы жобаны жүзеге асыруға қол ұшын берді.

image-30-12-20-03-01.jpeg

Шырша түрлі-түсті тоқылған құрақтан құралған. Ол қазақтың дәстүрлі "құрақ көрпесі" іспеттес. Біз құрақтарды тоқып, оларды біріктірдік. Құрақтарды тоқуға 3 жастан 70 жасқа дейінгі еріктілер қатысты. Жаңа қала қонақтары мен тұрғындары қазақи шыршаны безендіруге қуана көмектесті, - дейді "Мейірім геометриясы" акциясының ұйымдастырушысы Рахима Мукушова.

image-30-12-20-03-00-2.jpeg

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шырша елордаға тұрғындар атынан жасалған қайырымды сыйлық болмақ. Жобада 3 жастан асқан балалар мен әжелер, ерекше балалар мен олардың аналары, көпбалалы аналар атсалысты. 

image-30-12-20-03-01-1.jpeg

Жоба 14 желтоқсанда бастау алып, қазіргі күнге дейін жалғасуда. Шыршаның биіктігі 3,8 метрді құрайды, оған 400-ге жуық құрақ жұмсалды.

image-30-12-20-03-01-2.jpeg

Айта кетейік, қолдан тоқудан туындаған бұл жаңа сәнді хобби "ярмбомбинг" деп аталады. Бұл қала көшелерін тоқымамен сәндеу өнері. Осыған ұқсас жаңажылдық ағаштар Германияда, Италия мен басқа да елдерде безендірілген.

Өзгелердің жаңалығы