Елордада эпиджағдайға байланысты жаңа шектеулер енгізілді

12 Қаңтар 2022, 18:22
1955
Бөлісу:
Елордада эпиджағдайға байланысты жаңа шектеулер енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады. Оның айтуынша, шектеу шараларын енгізуге «Омикрон» штамының таралуы себеп болып отыр.

Өздеріңіз білетіндей, елордада «Омикрон» штамының таралып жатқаны анықталды. COVID-19 бойынша күрделі эпидемиологиялық жағдай қала тұрғындарының маска режимін, әлеуметтік арақашықтықты сақтамауы, вакцина алмауымен байланысты болып отыр. Мұның барлығы қала аумағында аса жұқпалы «Омикрон» штамының жылдам таралуына әсер етіп, шектеу және карантиндік шараларды қатаңдатуды талап етті, - деді Сархат Бейсенова.

Сондай-ақ елорданың бас санитар дәрігері шектеу шараларына тоқталды.

Бүгіннен бастап мен қол қойған қаулыға сәйкес ҚР «қызыл» аймақ бойынша қаулысына сәйкес шектеулермен қатар, елордада тыйым салынатын шаралармен таныс болыңыздар, - деп ескертті ол. 

Елорда аумағында тыйым салынатын шаралар: 

- ашық аспан астында да, ғимарат ішінде де отбасылық, еске алу шараларын «Ashyq» жобасына қатысатын нысандарда 30 адамға дейін өткізуді есепке алмағанда, үйде өткізу. 

Сондай-ақ «Ashyq» жобасына қатысу-қатыспауына қарамастан тыйым салынады: 

- концерт залдарының, филармония, театр, цирк, кинотеатрлардың қызметі; 

- діни бірлестіктер аумағы мен нысандарында (мешітте, шіркеуде, соборда, синагог, т.б.) ұжымдық іс-шараларды (жұма намаз, діни шаралар және т.б.) өткізу;

- конференция, семинар, көрме, форум өткізу;

- түнгі клуб, караоке; 

- қоғамдық тамақтану орындарында бар үстелшесінің жұмыс істеуі. 

Қысқартылады: 

- қоғамдық тамақтану орындарында  келушілердің санын бір үстелде 4 адамға дейін қысқарту. 

Онлайн форматқа көшіру: 

- білім беру орталықтарының жұмысын, балалар мен ересектерге арналған үйірмелер, балаларды дамыту орталығы, балалар мен ересектерді түзету орталықтарының жұмысы; 

- COVID-19-ға қарсы қызметкерлердің вакцина алуына қарамастан мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, кәсіпорындар жұмысының кем дегенде 80%-ын қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру; 

- 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін оқушылардың оқуы; 

- ОБМ және ЖОО-ның барлық курс студенттерін 2022 жылғы 6 ақпанға дейін онлайн форматқа көшіру.

Отыратын орындардың санына қарай қоғамдық көліктер санын көбейту.

Өзгелердің жаңалығы