Елордада эпидахуал нашарлап барады – санитарлық дәрігер

20 Шілде 2022, 12:21
1860
Бөлісу:
Елордада эпидахуал нашарлап барады – санитарлық дәрігер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді.

Елордада жалғасып жатқан SARS-Cov-2 вирусы Омикрон штамының айналымына байланысты қаладағы эпидемиологиялық ахуал нашарлап,  күрделі күйде қалып отыр. Егер 22 маусым мен 5 шілде аралығында, яғни 2 апта ішінде 414 жағдай тіркелген болса, соңғы 2 аптада КВИ-дің 3970 жағдайы анықталды. Осылайша сырқаттанушылық деңгейі 9,5 есеге артты, - деп атап өтті астананың бас мемлекеттік санитар дәрігері. 

Айтуынша, тәулігіне жаңа жағдайлардың санын тіркеу 586-ға жетіп отыр.  

Эпидемиологиялық жағдайды бағалаудың жаңа матрицасы бойынша елордамыз «сары» аймаққа жақындап келеді. Маусым айында КВИ-мен ауырған науқастардан алынған 30 оң сынамасына молекулярлық-генетикалық зерттеу жүргізілді. Генотиптеу нәтижелері көрсеткендей, 30 (20%) үлгінің 60-ы генетикалық сызыққа тиесілі. Бұл дегеніміз BA.1 Omicron түрі,  ал 30 үлгінің  9-ы ВА.5 Omicron-ға жатады. 30 үлгінің 15-і  ВА.2 стелсомикрон екені белгілі болды, - деді Сархат Бейсенова. 

Өзгелердің жаңалығы