Елордада электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үлесі 99,3 пайызға артты

30 Маусым 2024, 15:37
405
Бөлісу:
Елордада электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үлесі 99,3 пайызға артты
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Биылғы 5 айда Астана қаласының мемлекеттік кіріс органдары 923 236 мемлекеттік қызмет көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның ішінде 916 676, яғни 99,3% қызмет электрондық түрде, ал 6 560 қызмет қағаз түрінде көрсетілген. Жеке тұлғаларға, соның ішінде жеке кәсіпкерлерге 510 397 қызмет, ал заңды тұлғаларға 412 839 қызмет көрсетілді. Бұл туралы ӨКҚ алаңындағы брифингте Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Әлімова мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Маңызды жетістіктердің бірі – Электрондық мемлекеттік қызметтердің үлесін 99,3 пайызға дейін арттыру болды. 2013 жылдың 15 сәуірінде Қазақстан Республикасында «Мемлекеттік қызметтер туралы» № 88-V Заңы қабылданды. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 8-бабының 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бекітілді. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, 2020 жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету № 665 ережесі бекітілді. Осы Қағидалармен Мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары, мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері, Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері, Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі, Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны алу тәсілдері айқындалған. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қажетті құжаттардың тізбесі, Мемлекеттік қызмет көрсету үшін, Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер және мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар көрсетілген, - деді Айгүл Әлімова.

Оның айтуынша, Мемлекеттік кіріс органдары 42 мемлекеттік қызмет көрсетеді, соның ішінде қызмет берушінің кеңсесі арқылы қағаз жеткізгіште 1 қызмет көрсетілген, электрондық түрде – 5 қызмет және баламалы негізде ақпараттық жүйелер арқылы, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Мемлекеттік корпорациясы арқылы 36 қызмет көрсетіледі.

Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерге тоқталатын болсам, бұл салық есептілігін қабылдау, салық есептілігін кері қайтарып алу, сондай-ақ салықтарды, бюджетке төлемдерді, өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке алу және қайтару. Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі – салық есептілігін қабылдау. Осы жылдың 5 айында бұл қызмет 666 983 рет көрсетілді, соның ішінде электронды түрде 665 802, қағаз түрінде 1 181 қызмет көрсетілді. Осы қызметтің тәртібі Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына 12-қосымшасында айқындалған. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі, - деді спикер.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру балама негізде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 208-бабының 3-тармағына сәйкес, салық есептілігін ұсынады.

Салық өтініші мен салық есептілігі таңдау әдісі бойынша, тиісті салық органдарына ұсынылады, яғни:

1) келу тәртібімен-қағаз жеткізгіште, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы (қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін қоспағанда);
2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен-қағаз жеткізгіште;
3) электрондық нысанда, салық төлеушінің кабинеті арқылы (cabinet.salyk.kz).

Сондай-ақ салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алынған салық төлеушілер бойынша қосылған құн салығы бойынша салық есептілігі де ерекшелік болып саналады. Бұл жағдайда салық есептілігі көрсетілетін қызметті берушіге келу тәртібімен ұсынады.

Мемлекеттік қызмет электрондық (толық автоматтандырылған) және қағаз түрінде тегін көрсетіледі.

Салық өтініші мен салық есептілігі салық органдарына салық кодексінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

1) салық есептілігінің екінші данасында көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің белгісі;
2) пошта немесе өзге де байланыс ұйымын яки Мемлекеттік корпорацияда салық есептілігін қабылдау туралы қабылдау уақыты мен күнін белгілеу;
3) көрсетілетін қызметті берушінің салық есептілігін электрондық түрде қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы хабарлама;
4) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы көрсетілетін қызметті берушінің дәлелді жауабы;
5) Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылған Патент.

Қосымша түрде жария етілетін мәліметтің бірі, 2024 жылғы 1 шілдеден бастап «шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация 910.00 салық есептілігі нысаны бойынша 2024 жылғы 1 жартыжылдықтағы салық есептілігін табыс ету мерзімі басталатынын атап өткім келеді. Сондай-ақ 2024 жылғы 2 тоқсанда жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларациялар бойынша (200.00-нысан), қосылған құн салығы бойынша (300.00-нысан), қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем бойынша (870.00-нысан) және бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін (913.00-нысан). Көрсетілген кезең үшін салық есептілігін табыс ету мерзімі осы жылдың 15 тамызында аяқталады. Мәлімет үшін уәкілетті органның ресми интернет-ресурсының www.kgd.gov.kz басты бетінде, «мемлекеттік қызметтер – салық төлеушінің аумағы» бөлімінде танысу үшін салық есептілігінің өзекті нысандары, сондай-ақ оларды толтыру ережелері қолжетімді, - деді Айгүл Әлімова.

Өзгелердің жаңалығы