Елордада экономиканың энергиялық тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды

4 Қыркүйек 2019, 19:30
1640
Бөлісу:
Елордада экономиканың энергиялық тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан экономикасының энергиялық тиімділігін арттыру мәселелері бойынша баспасөз конференциясы өтті. 

Халықаралық энергетикалық агенттіктің мәліметтері бойынша, біздің еліміздің экономикасы әлемдегі ең энергия сыйымдылардың бірі болып қалуда. Бүгінгі таңда Қазақстан 147 елдің ішінде 119-орында тұр және ЭЫДҰ елдерінің орташа деңгейінен 3,5 есе артық.

"Сонымен қатар, негізгі өнеркәсіптік кәсіпорындардың энергиялық аудитінің нәтижелері бойынша елдегі энергия үнемдеудің орташа әлеуеті 10% деңгейінде анықталды, энергияны үнемдеудің бюджеттік секторында ол 40% - ға жетуі мүмкін. Осы әлеуетті іске асыру үшін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігі энергиялық тиімділік саласындағы негізгі құжат бойынша жұмысты аяқтады. Энергия үнемдеу және энергиялық тиімділікті арттыру мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер жобасының тұжырымдамасы бекітілген және тиісті заң жобасының негізіне алынды. Мемлекеттік энергетикалық тізілімді, энергиялық аудит жүйесін жетілдіру, өнеркәсіптік жабдықтар мен тұрмыстық аспаптардың энергиялық тиімділігі бойынша талаптарды енгізу сияқты заңнамалық өзгерістер және басқа да шаралар ел экономикасының энергиялық сыйымдылығын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді", - делінген тартылған ақпаратта.

БҰҰДБ мәліметтері бойынша Қазақстанда электр энергиясының негізгі тұтынушысы электр қозғалтқыштар мен трансформаторлар, ал тұрмыста – тоңазытқыштар мен кондиционерлер болып табылады. 2015 жылы Қазақстанда тоңазытқыштар мен кондиционерлерді, қозғалтқыштар мен трансформаторларды пайдалану кезінде электр энергиясын тұтыну шамамен 40 ТВтч құрады.

"Жабдықтың осындай түрлерін пайдалану кезінде электр энергиясын тұтынуды шектемей, 2030 жылға қарай тұтыну 87 Твтсағ-қа дейін артады, бұл елдің барлық энергобалансының жартысынан астамын құрайды", - дейді БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдарламасы Тұрақты даму және урбанизация департаментінің жетекшісі Рамазан Жампиисов.

Энергия үнемдеуді ынталандыру жөніндегі шаралар шеңберінде 2019 жылғы қыркүйекте Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Павлодар және Ақтөбе қалаларында дисконттық бағдарлама іске қосылды. Дисконттық бағдарлама ескі тұрмыстық техниканы әрі қарай кәдеге жарату үшін арнайы қызметке тегін тапсыруға және арнайы сертификат алуға мүмкіндік береді. Сатып алушылар бұл жеңілдікті "Технодом" және "Мечта"дүкендер желісінде жаңа энерготиімді тоңазытқышты сатып алу кезінде пайдалана алады.

Осы Бағдарламаның бірінші фазасы энергиялық тиімді техника мен жабдықтарға айтарлықтай сұраныс тудыруды қамтамасыз етті. Сертификаттың 1 теңгесі энергиялық тиімді техниканы сатып алуға шамамен 16 теңгені жұмылдыруға мүмкіндік берді. Бұл тәжірибе Қазақстанда өзінің жоғары тиімділігін көрсетті, осылайша 2018 жылдың қорытындысы бойынша энергиялық тиімді тоңазытқыштарға (A++) сұраныстың абсолюттік мәні 4 есеге өсті (2016 жылмен салыстырғанда), ал энергиялық тиімді тоңазытқыштардың үлесі қазақстандықтар тоңазытқыш техникасын сатып алуға жұмсаған қаражаттың жалпы сомасының 50% - на жетті.

Өзгелердің жаңалығы