Елордада "Эко-шырша" челленджі бастау алды

21 Желтоқсан 2019, 17:26
3450
Бөлісу:
Елордада "Эко-шырша" челленджі бастау алды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінің жаңа жыл мерекесінде табиғи шыршалардан бас тарту жөніндегі бастамасын қолдау мақсатында "пластик" шырша орнатылды.

e948cf24-375f-4c74-a501-c2cd25eefa31.jpg

Шара барысында халықаралық "жасыл" технологиялар орталығында экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, ХЖТО және ӨКМ Операторы компаниясы басшысының қатысуымен "Эко-шырша" челленджі бастау алды.  

60dabf9d-82d6-417c-8b8f-64de00f81bea.jpg

Онда пластикалық бөтелкелерден шырша дайындалды. Жасанды шыршаны жасау кезінде 250-ге тарта пластикалық ыдыс қолданылды. Эко-шыршаның биіктігі 2 метрден асады. Осылайша эко-шырша авторы қоршаған ортаны қорғау мақсатында табиғи шыршадан бас тартып, жасанды шыршаларды пайдалануды дәстүрге айналдыруды көздеп отыр.

d392c293-c791-48cf-b422-3836dad6f4a1.jpg

Айта кету керек, шыршаға тағылған ойыншықтар балалар қолынан жасалған туындылармен безендірілді.

d70055de-cd29-4fab-8d55-3d0d87cf6b23.jpg

Біз үшін балалардың мектеп қабырғасынан бастап экологияның не екенін және еліміздің табиғаты үшін алаңдайтындығы аса маңызды. Осыдан бастап балалардың өзі-ақ ата-аналарды эко-бастамаларға шақыратын болады. Министрліктің бұл бастамасын ӨКМ Операторы мен мектеп оқушылар қолдап, пластиктен шырша және оған ойыншықтар дайындағаны көңіл қуантады, – деді Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов.

Министрліктің экологиялық игі бастамасын Ақтөбе облысындағы қалдық шығаратын "Нео-плюс" компаниясы одан әрі қолдауға дайын екендігін білдірді. Кәсіпорын қазір 3 метрлік пластик шыршаның қаңқасын әзірлеп жатыр. Одан әрі эстафета Қарағанды, Көкшетау, Шымкент, Өскемен және Алматы қалаларындағы мамандандырылған кәсіпорындарға жолданатын болады.

a3f63464-b31a-4f48-b69c-78d546033f93.jpg

Сонымен қатар экологиялық тақырыптағы жаңа жылдық безендірулер Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысының мектептерінде де жалғасын табады.

f98fa958-c991-46ce-8f49-b2916fa9139d.jpg

"Эко-шырша" жаңа жылдық челленджін ұйымдастырушылардың басты мақсаты – табиғи шыршаларды шабудан сақтау. Және осы бастамаға қазақстандықтарды шақыру.

9addf354-7bdc-4680-af9a-b125bf68bd09.jpg
Жаңа жылдық мерекеден кейін жасанды шыршалар шикізат ретінде қайта өңдеуге жіберіледі.
Өзгелердің жаңалығы