Елордада екі күнде масаң күйдегі 23 жүргізуші ұсталды

8 Желтоқсан 2020, 22:48
2182
Бөлісу:
Елордада екі күнде масаң күйдегі 23 жүргізуші ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада екі күннің ішінде алкогольдік масаң күйде 23 жүргізуші ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz. 

Тәртіп сақшыларымен сенбіге қараған түні Жұмабаев көшесінде BMW маркалы автокөлігі тоқтатылды. Құжаттарын тексеру кезінде 25 жастағы жүргізушіден алкогольдің иісі шығып тұрған. Оған медициналық куәландырудан өту ұсынылды. Дәрігердің қорытындысы бойынша, жүргізуші жеңіл дәрежедегі масаң күйде болған. 

Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін жүргізушіге ҚР ӘҚБтК 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік өндіріс қозғалып, көлік коммуналдық тұраққа қойылды. Әкімшілік соттың шешімімен мас күйде рөлге отырған жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынды және көлік құралын жеті жылға басқару құқығынан айырылды, - делінген ақпаратта.  

Апатты жағдайды төмендету және жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында елордалық полиция жол қозғалысы бұзуды анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты жандандырды. Осыған байланысты Департамент «Мас жүргізуші-қылмыскер!» рейдтік іс-шараларын тұрақты негізде жүргізеді. 



Өзгелердің жаңалығы