Елордада екі күнде 16 мекеме карантин талаптарын бұзған

5 Тамыз 2021, 13:56
3524
Бөлісу:
Елордада екі күнде 16 мекеме карантин талаптарын бұзған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың мониторингтік топтары бірнеше айдан бері күшейтілген режимде жұмыс істеп келеді.

Күн сайын қаладағы 100-ден астам кәсіпкерлік нысанында карантин талаптарының сақталуы тексеріледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Мәселен, өткен екі күнде, яғни 3 және 4 тамызда мониторингтік топтар 16 мекемені әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Алматы ауданында «Рыба моей мечты» караоке-клубы карантин режимін бұза отырып жұмыс істеді. Ертеңінде мұндай бұзушылық «Mansion» караоке-барында да анықталды.

Маска режимін бұзу, әлеуметтік қашықтық пен карантин режимін сақтамау Байқоңыр ауданының 4 мекемесінде анықталды. Бұл «Әмір» базары, «12 ай» дүкені, «Boroda» және «Muller» барлары. 4 тамызда тағы екі мекеме — «Small» дүкені және «Мята» лаундж бары бас дәрігердің бұйрығын сақтаған жоқ.

Сарыарқа ауданында 2 күн ішінде мониторингтік топтар «Самұрық» кафесі мен «Семейная» моншасында, сондай-ақ «Шашлык на набережной» және «Playstation Club» кафелерінде заңбұзушылықты анықтады.

Жұмыс режимін бұзу, жаздық кафелердің жұмыс істеуі, келушілер мен әкімшілік қызметкерлерінің бетперде режимін сақтамауы, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтамау Есіл ауданындағы «Lavash Food» фаст-фуд пунктінде, «Панаехали», «баХабаг» барларында және «Gold Game» компьютерлік клубында анықталды.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға берілді.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып қалуда, тәулік сайын қалада КВИ жұқтырудың 1300-ден астам жағдайы анықталады, коронавирустың орташа және ауыр ағымы бар 300-ге жуық адам аурухана төсектеріне түседі. Осыған байланысты елорда тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормаларды және карантин режимінің талаптарын мүлтіксіз сақтауы, адам көп жиналатын орындардан аулақ болуы тиіс. Шектеу шараларын сақтамау және оған тиісті деңгейде қарамау коронавирус індетінің өршуіне алып келеді.


Өзгелердің жаңалығы