Елордада екі баланы көлік қағып кетті

11 Қыркүйек 2020, 18:50
1814
Бөлісу:
Елордада екі баланы көлік қағып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда көлік жүргізушісі екі баланы қағып кетті. Бір бала ауруханаға жеткізілді.

11 қыркүйек күні сағат 10:30 кезінде 1947 жылы туған жүргізуші Бурабай көшесінде «Kia» көлігімен артқа қарай шегіну кезінде кәмелетке толмаған екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы кезінде тротуармен 2019 жылы және 2012 жылы туған екі баламен қатар әйел адам келе жатқан, - делінген Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің хабарламасында.
Оқиға салдарынан екі бала дене жарақатын алды, ал әйел зардап шеккен жоқ. Жеті жастағы қыз бала жарақатпен қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Ал 2019 жылы туған балаға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Бұл факті бойынша тексеру шаралары жүріп жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жүгізушілерді жолда барынша сақ болуға шақырады.
Өзгелердің жаңалығы