Елордада екі бала түтіннен уланды

22 Тамыз 2020, 11:00
1404
Бөлісу:
Елордада екі бала түтіннен уланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада бүгін түнгі 2 сағат 21 минутта Өрт сөндіру қызметіне "Пригородный" ТМ, ВРЗ-3 бау-бақша серіктестігі, 48 үй мекенжайы бойынша пешпен жылыту кезіндегі ақау болу салдарынан 2012  және 2017 жылы туған екі бала жеңіл дәрежедегі улы газбен улану диагнозымен №2 Балалар қалалық ауруханасына жатқызылғаны туралы хабарлама келіп түсті. 

Тексеру барысында пештің  тазаланбаған мұржасының нәтижесінде үйдің ішінде улы газдың шығуы орын алғаны анықталды, деп хабарлайлы Нұр-Сұлтан қалалықТЖД.

Жылыту маусымы әлі бастамаса да суық ауа райына байланысты адамдар пештерін жаға бастады. Қазір Департамент тұрғын үй секторында белсенді үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Бірақ кейбір азаматтар біздің қызметкерлеріміздің ұсыныстарын тыңдағысы келмейді немесе мұндай рейдтерге назар аудармайды. Соған қарамастан, олардан пайда бар: өрттердің саны азаяды — бұл алдын алу жұмысының нәтижесі, – делінген хабарламада.
Статистикаға сәйкес ағымдағы жылдың өткен мерзімінде қала бойынша 334 өрт болды (11%-ға азаюда, 2019 ж. - 377). 12 адам қайтыс болған (2019-12 адам оның ішінде 5 бала).  Өрттердің басым бөлігі тұрғын үй секторында - 170 оқиға орын алады (жалпы өрт санының 51%). Бұл ретте 117  өрт жеке жер үйлерге тиесілі.
Тұншықтырғыш газбен улануды үйде автономды сигнализатор немесе тұншықтырғыш газ датчигін қолдану арқылы болдырмауға болады. Өткен жылыту кезеңінде жеке үйлерде барлығы 1264 сенсор орнатылды, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерінде 980 сенсор бар. Өткен жылу беру кезеңінде аула аралаумен барлығы  - 29852 үй   қамтылды., оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарының 980 жеке тұрғын үйі, жалпы адамдардың қамтылуы 40800 адамды құрады. 15 тамыздан бастап бүгінде 396 жеке тұрғын үйлерді аралап түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыс жалғасуда, – дейді Нұр-Сұлтан қалалықТЖД

Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті адамдардың қаза болуы мен жарақаттануын болдырмау үшін азаматтарға жылыту маусымына пешті дайындауды ұсынады. Жарықшақтар мен саңылауларды ыстыққа төзімді құрылыс ерітіндісімен бітеу, сондай-ақ пештерді әктеу, үш айда кемінде бір рет мұржаның арнасын тазалау, пеш есігінің жанына метал жабынын орнату, пешті жиналған күлден уақтылы тазалау қажет екендігін ескертеді. 


 



Өзгелердің жаңалығы