Елордада дзюдодан Азия чемпионаты басталады

4 Тамыз 2022, 13:38
1107
Бөлісу:
Елордада дзюдодан Азия чемпионаты басталады

Бүгін елордада дзюдодан Азия біріншілігі жалауын көтереді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Құрлықтық дода 4-7 тамыз күндері аралағында болады деп жоспарланып отыр. Оған Азияның 19 елінен 200-ден астам балуан келеді деп күтілуде. Спортшылар 14 салмақта сынға түседі. Олардың қатарында еліміздің атынан қатысатын 18 балуан бар. Азия чемпионаты 4 тамыз күні сағат 11:00-де басталады. 

Жарыстың алғашқы күнінде татамиге ерлерден 60, 66, ал әйелдер арасында 48, 52 және 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі дзюдошылар үздіктерді анықтайды. Екінші жарыс күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:00-де басталады. Бұл күні ерлерден 73, 81, ал әйелдерден 63 пен 70 келіге дейінгі дзюдошылар жарыс жолына шығады. 

Жекелей сынның соңғы жарыс күнінде ерлер арасында 90, 100 және 100-ден жоғары салмақтағы балуандар, әйелдер арасында 78 және 78 келіден жоғары салмақтағы спортшылар белдесетін болады. Жекелей сынның соңғы жарыс күнінде ерлер арасында 90, 100 және 100-ден жоғары салмақтағы балуандар, әйелдер арасында 78 және 78 келіден жоғары салмақтағы спортшылар белдесетін болады. 

Айта кетсек, IJF ережесі бойынша, Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Олимпиадалық рейтингте ұпай сандары қосылады. Жеңімпаз 700 ұпайды еншілесе, 2 орын иегері 490, ал 3 орынға 350 ұпайдан үлестіріледі. Ерлер арасында Мағжан Шәмшадин (60 келі), Бауыржан Нарбаев (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Ерлан Серікжанов (73 келі), Данияр Шамшаев (73 келі), Дидар Хамза (90 келі), Нұрлыхан Шархан (100 келіге дейін), Ислам Бозбаев (100 келіге дейін), Әділ Оразбаев (100 келіден жоғары) ел намысын қорғайды. 

Ал әйелдерде Абиба Әбужакинова (48 келі), Ғалия Тынбаева (48 келі), Гаухар Ирмагамбетова (52 келі), Севара Нишанбаева (57 келі), Прозрачная Нарынова (63 келі), Анастасия Маякова (70 келі), Аруна Жангелдина (78 келіге дейін), Камила Берликаш (78 келіден жоғары), Назгүл Маратова (78 келіден жоғары) татами төріне шығады.
 

Өзгелердің жаңалығы