Елордада COVID-19 вирусына тексеретін алғашқы зертхана кешені іске қосылды

5 Маусым 2020, 14:17
1352
Бөлісу:
Елордада COVID-19 вирусына тексеретін алғашқы зертхана кешені іске қосылды
PHOTO VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада нақтылығы жоғары ПТР-скрининг арқылы халықты коранавирусқа тексеретін алғашқы модульдік зертхана кешені жұмысын бастады. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласына мобильділігі мен биоқауіпсіздігі жоғары деңгейі және зерттеу процессінің автоматтанырылуы арқылы ерекшеленетін бірегей зертхананы Болат Өтемұратовтың қоры тапсырды. 

Қайырымдылық қоры медициналық зерттеулер, зертханалық талдауға арналған жабдықтар мен материалдар саласындағы әлемдік көшбасшы саналатын BGI (ҚХР) компаниясынан жалпы сомасы 4 млн. долларға екі зертхана кешенін сатып алды. Екінші кешен Алматы қаласына орнатыла бастады. 

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов, қайырымдылық қорының құрылтайшысы Болат Өтемұратов және Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Алмаз Шарман бүгін елордалық зертхананың жұмысын іске қосты. 

Болат Өтемұратов қоры тапсырған модульді зертхана кешендері коронавирусқа тексерудің жылдамдығы мен қамтуын мейлінше көбейтеді. Қайырымдылық қорын инфекциямен күрестің алғашқы күнінен бастап Денсаулық сақтау қорына көрсетіп отырған қолдауы мен вирустың таралуын шектеу үшін қосып отырған қомақты үлесі үшін алғыс айтқым келеді, – деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
42bd0c9e32b7ed7bf2e7012dad37d214.jpg

Зертхана келесі тұлғалар үшін тегін скрининг жасайтын болады: жұмыссыздар, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылар, мүгедектер, жоспарлы түрде стационарға жататын науқастар, тыныс алу жолдары, эндокринді және жүрек-қан тамырлары ауруларымен тіркеуде тұрған 50 жастан асқан науқастар, эпидемияға қарсы күреске жұмылдырылған арнайы контингент – әкімдіктердің қызметкерлері, волонтерлер, патрульді қызматкерлер, қарттар үйі, интернаттар мен басқа да мамандандырылған мекемелердің және мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері. Зертхана ПТР талдаманың барлық циклын жасау үшін толық жабдықталған. 

Кешен тұтастай биологиялық материалды жинауға, сақтауға және заттаңбалауға, полимеразды тізбекті реакцияны қолдана отырып зерттеу жүргізуге арналған 42 технологиялық құрал-саймандар мен құралдар жиынтығынан тұрады. Зерттеу процессі толық автоматтандырылған, бұл тестті жылдам әрі мамандардың аз қатысуы арқылы жоғары дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді.

5a2339ab5abb26f03c8a54df57143448.jpg

Зертхананың қуаты тәулігіне 1000 талдау, кейін 5000-ға дейін көбейту жоспары бар. Тест нәтижесі үш сағаттың ішінде дайын болады. Болат Өтемұратов қоры әр зертхананы жедел іске қосу үшін 30 мың тест жасауға қажетті реагенттер жиынтығымен жабдықтады. Кешеннің ауа тірегі құрылымы ішкі цилиндрдің және ауаны сүзудің автономды жүйесі бар үш цилиндрлік үрленетін модульдерден (мембраналардан) тұрады. 

bc9b5c3563b5a4e94622f03da161bd53.jpg

Жүйе стационарлық зертханаларда да қол жеткізу мүмкін емес биологиялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талаптарына сәйкес келеді. Өндірушінің ұсынысымен кешен жоғары тұраұтылық пен сақталуы үшін ғимараттың ішінде орнатылады. Нұр-Сұлтанда зертхананы орнату үшін «Қазақстан» СК, ал Алматыда «Атакент» көрме кешенінің бір павильоны таңдалды. 

Қажеттілік туындаған жағдайда зертхананың орнын бір аптаның ішінде ауыстыруға болады.

Басты міндеттің бірі - COVID-19 ауырғандарды анықтау, тәжірибе көрсетіп отырғандай, инфекция жұқтырғандарда ауру белгілері байқалмайды. Карантин басталғанда қалада 1 ғана зертхана болса, қазір оның саны 6-ға жетті. Алдағы уақытта тағы екеуін ашамыз. Болат Өтемұратов қоры тапсырған ПТР-скрининг жасауға арналған зертхана кешені тест көлемін арттыруға мүмкіндік береді: індет ерте кезеңде анықталған науқастар дер кезінде медициналық көмек алып, олармен байланыста болған адамдардың саны едәуір азаяды. Көрсетілген қолдау үшін алғыс айтамын, – деді елорда әкімі Алтай Көлгінов. 
f1e1b4e894f13b2a81e2253bd248a9b6.jpg

Мобильді кешендер коммерциялық кешендерде коронавирусқа тест тапсыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшіг тегін жұмыс істейтін болады. Бұл скрининг ауқымын кеңейтіп, ауруды ерте кезеңнен анықтауға, асқыну қаупін төмендетіп және вирустың таралуын шектеуге мүмкіндік береді. Осылайша, мемлекет, бизнес және қоғамның бірлескен күшімен біз инфекцияны тоқтатып, оны жеңеміз, – деді Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов. 
Бұған дейін Болат Өтемұратовтың қоры Қазақстанда алғашқы болып 200 млн. теңгеге 94 мың экспресс-тест сатып алып, оны Денсаулық сақтау министрлігіне табыстаған болатын. Коронавирусқа скрининг жасаудан бөлек, Өтемұратов «Верный Капитал» компаниялар тобы арқылы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен коронавируспен күрес және халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобын қолдау үшін құрылған Birgemiz қоғамдық қорына 1 млн. доллар аударды.




Өзгелердің жаңалығы