Елордада «BUS LANE» жаңа автобус жолағы енгізіледі

25 Сәуір 2022, 13:15
1091
Бөлісу:
Елордада «BUS LANE» жаңа автобус жолағы енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылдың 25 сәуірінен бастап Нәжімеденов көшесінде Қалдаяқов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін қоғамдық көлік қозғалысына арналған жолақ енгізіледі.

Аталған учаскеде тиісті жол белгілері орнатылған, сондай-ақ мердігер ұйымдар тиісті жол белгілерін салу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуде.

«BUS LANE» жолақтары бойынша қозғалыс бөлігінде ЖҚЕ құқық бұзушылықтары жоғарыда көрсетілген учаскеде «Сергек» АБК камераларымен тіркелетінін еске саламыз.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, елорда тұрғындары мен қонақтарын барынша мұқият болуды және жол қозғалысын реттеудің қолданыстағы техникалық құралдарының талаптарын басшылыққа ала отырып, қозғалысты жүзеге асыруды сұраймыз.

Жол қозғалысы және қауіпсіздік бөлігіндегі барлық сұрақтар мен ұсыныстар бойынша Нұр-Сұлтан қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының колл-орталығына мына телефондар арқылы хабарласуға болады: 53-27-74, 69-75-75, 71-69-77, whatsАpp 8-708-382-13-76.

Өзгелердің жаңалығы