Елордада бойжеткен көпірден секірмек болған

21 Ақпан 2022, 11:54
1337
Бөлісу:
Елордада бойжеткен көпірден секірмек болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы модератор Шұғыла Тұрлыбек ІІМ-нің дәстүрлі брифингі барысында айтты.

Елордалық полицейлер қызды көпірден секіруден құтқарды. Полицияның «102» арнасына таңғы сағат 7-лер шамасында Сарайшық көшесінің бойында көпірдің таянышында қыздың тұрғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына жедел түрде Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің Патрульдік полиция полкінің наряды: аға лейтенант Айдос Ағабеков пен капитан Фархат Кенесхан жіберілді, - деді ол. 

Тұрлыбектің айтуынша, оқиға орнына жеткен полицейлер көпір қоршауының артында тұрған және 11 метр биіктіктен төмен секіргісі келген қызды көреді. 

Жағдайды бағалап, уақытты жоғалтпай тәртіп сақшылары жедел түрде көліктен шығып, оған қарай жүгіріп артынан ұстап қалады. Содан кейін олар қызды көпір қоршауынан қауіпсіз жерге көтеріп апарып, оны тыныштандыруға және стресстік жағдайдан шығуға көмектесуге тырысқан. Құтқарылған қыз Полиция басқармасына жеткізілді. Психологтармен бірлесіп онымен профилактикалық жұмыстар жүргізілді, - деді ол. 

Шұғыла Тұрлыбек атағандай, бұл Айдос Ағабековтің бірінші рет адам өмірін құтқаруы емес. 

Ол өткен жазда суға батып бара жатқан әйелді құтқарып қалған, ол ескекші арнасынан жүзіп өтпекші болып суға түскен, өзеннің ортасына келгенде күшін жоғалтқан. Содан кейін полицей еш ойланбастан суға секіріп, суға батып бара жатқан азаматшаны құтқарып қалады, - деді Тұрлыбек.  

 

 

 

Өзгелердің жаңалығы