Елордада бойжеткен 3 сағат бойы көшеде билеген

6 Тамыз 2021, 10:32
6152
Бөлісу:
Елордада бойжеткен 3 сағат бойы көшеде билеген
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біраз уақыттан бері елордада көше қиылыстарының бірінде бір қыз үнемі билеп тұрады.

Көпшілік видео түсіріп, бұл қыздың не себепті таңнан кешке дейін көше қиылысында билейтініне таңданып, сауалдар жолдай бастаған.


5 тамыз күні кешке оның «кешкі концертін» полиция қызметкерлері тоқтатты.

Нұр-сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бишінің әрекетіне қатысты 102 нөміріне қоңырау түскен.

Сағат 21:03-те арнаға Керей, Жәнібек хандар және Мәңгілік ел көшелерінің қиылысында бір қыздың үш сағат бойы билеп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Келген полиция қызметкерлері қыздың жеке басын анықтап, онымен профилактикалық әңгіме жүргізді, - делінген хабарламада.
Полиция жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін жүргізушілердің назарын аудармау керектігін де атап өтті.


Сонымен кешеде билейтін қыздың есімі Аида. Ол 20 жаста, Польша университетінде халықаралық менеджментті онлайн режимінде оқып жүр. Ол бос уақытын өте ерекше өткізеді екен, яғни құлаққап киіп алып, көшедегі қиылыстарда билейді екен. Аида бұл әрекетін адамдардың көңілін көтеру үшін билеймін деп түсіндірді. Ол билегенді өте жақсы көреді екен.


Өзгелердің жаңалығы