Елордада Біртанов пен Әбішевтің сот отырысы өтіп жатыр

26 Мамыр 2022, 10:28
1615
Бөлісу:
Елордада Біртанов пен Әбішевтің сот отырысы өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада ашық форматта бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен бұрынғы вице-министр Олжас Әбішевке қатысты сот отырысы  өтіп жатыр. Сотқа БАҚ қатысып, отырыс онлайн көрсетіліп жатыр. 

Елжан Біртанов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабының 4-бөлігі, 2-тармағы, 361-бабының 3-бөлігімен және Олжас Әбішев Қылмыстық кодекстің 361-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша қылмыс жасады деп айыпталып отыр.

Сот отырысына дейін Елжан Біртанов көңіл күйі жақсы екенін жеткізді. 

Менің қорғаушыларым сот аяқталғанға дейін пікір айтпауды ұсынды. Отырыста барлығын естиміз, соңына дейін күресеміз. Сот отырысы аяқталған соң пікір айтамыз, - деді ол.

Осыған дейін Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевті айыптау бойынша қылмыстық іс материалдарын қарап, сотталушылар мен олардың қорғаушыларының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің бұзушылықтарын жою үшін қылмыстық істі прокурорға қайтару, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату және Елжан Біртановқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініштерін қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шығарған болатын. 

Сонымен қатар сот сотталушыларға қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырып, іс бойынша түпкілікті шешім қабылданғанға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.

Еске сала кетейік, 11 мамырда бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевке қатысты сот отырысы басталған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы