Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп мәлім етті, деп хабарлады BAQ.KZ.
Қала әкімдігінің 11 тамыздағы 2022 жылғы 18 тамыздағы № 511-2308 қаулысы мен қалалық мәслихаттың 2022 жылғы 17 тамыздағы № 216/28-VII шешіміне сәйкес
жобалық атауы А82 көшеге Мұхамеджан Тынышбайұлының;
жобалық атауы № 23-15 көшеге Қалибек Қуанышбаевтың;
жобалық атауы Е11 көшеге Әзілхан Нұршайықовтың;
жобалық атауы Е609 көшеге Әшірбек Сығайдың;
жобалық атауы Е613 көшеге Саят Абеевтің;
жобалық атауы Е632 көшеге Тұяқберді Шәмеловтің;
жобалық атауы Е633 көшеге Бақтыгерей Құлмановтың;
жобалық атауы Е635 көшеге Ғазиз Байтасовтың;
жобалық атауы Е809 көшеге Жошы ханның;
жобалық атаулары Е585 және Е865 көшелерге Әмір Едігенің;
жобалық атаулары Е586 және Е875 көшелерге Роза Жаманованың;
жобалық атаулары Е589 және Е611 көшелерге Тұрмағамбет Ізтілеуұлының;
Сығанақ көшесінде орналасқан атаусыз саябаққа «Бухарест» саябағы атауы берілді, – деп жазды басқарма басшысы.
Ал бұрынғы Мұхамеджан Тынышбаев деп аталатын көше Иманжүсіп Құтпанов көшесімен біріктірілді.