Елордада бірқатар алаяқтық пен тонау жасаған күдікті ұсталды

18 Маусым 2022, 18:40
1438
Бөлісу:
Елордада бірқатар алаяқтық пен тонау жасаған күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы ПД «Алматы» ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық және тонау фактілері бойынша күдікті 22 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Тергеу барысында қаскүнем 45 жастағы әйелдің сеніміне кіріп, қоңырау шалу сылтауымен ұялы телефонына ие болғандығы анықталды. Ер адам "IPhone 11" маркалы ұялы телефонын қолына алып, сөйлесіп жатқандай түр танытып, басқа жаққа қарай кетіп қалған. Осыған ұқсас тәсілмен ол елорданың 27 жастағы тұрғынын алдап, "Редми 9" телефонын иемденген.  Аталған фактілерге байланысты ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

Сондай-ақ полиция қызметкерлері ұсталған адамның екі тонауға қатысы бар екенін анықтады. Физикалық зорлық-зомбылықпен қорқытып, ол 45 жастағы ер адамнан «iPhone 10» телефонын ашық түрде иемденген. Екінші жағдайда ол 19 жастағы жігіттен "Хуавей Р40" маркалы телефонын тартып алған.

Тонау фактілері бойынша ҚР ҚК 191-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған азаматтың елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы