Нұр-Сұлтанда Мәңгілік ел даңғылының екі учаскесі жөндеуге жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қаланың Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Мәңгілік ел даңғылындағы жолды жөндеу жұмыстарын бастайтынын айтты.
5 және 8 тамыз күндері Мәңгілік ел даңғылынан бастап Алматы және Орынбор көшелеріне дейінгі автокөлік жолдарында қозғалыс тоқтайды.
8 және 12 тамыз күндері Орынбор мен Бұхар Жырау көшесіне дейінгі жол бөлігі толықтай жабылады.
Ведомство қала тұрғындары мен қонақтарына қала ішінде жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауға шақырады.