Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың бірнеше көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлады қала әкімдігінің сайты.
"Су құбыры желілерін орнатуға байланысты қазан айының 2-25 аралығында қаладағы Айнакөл - М.Төлебаев қиылысы және М.Төлебаев - Р.Қошқарбаев көшелерінің қиылысындағы жол уақытша жабылады. Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, «Астана қаласының тұрғын үй алаптарында инженерлік желілердің құрылысы. Мичурин тұрғын алабы. Интернациональный тұрғын алабы. Су құбырының сыртқы инженерлік желілері» жобасын жүзеге асыру шеңберінде Айнакөл - М.Төлебаев қиылысы және М.Төлебаев - Р.Қошқарбаев көшелерінің қиылысында су құбыры желілерін орнату бойынша жұмыстар жүргізуді жоспарлап отыр", - делінген таратылған ақпаратта.Осыған байланысты 2-25 қазан аралығында көрсетілген учаскеде көліктердің қозғалысы жартылай жабылады. Басқарма елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлау қажеттігін ескертеді.