Бөтеннің мүлкіне зиян келтірген кезекті вандалдар жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
Мәселен, 3 желтоқсан күні таңғы сағат 06:00 шамасында 27 жастағы астаналық мас күйінде көлікті зақымдап, материалдық шығын келтірді.
2 желтоқсанда сағат 17:00 шамасында қақтығыс кезінде 19 жастағы жігіт көлікке зақым келтірді.
ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабы бойынша барлық құқық бұзушылар табылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген елорда әкімдігінің хабарламасында.
Айта кетейік, жыл басынан бері Астанада еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, қала тұрғындары қолдаған "Тоқта, вандал" акциясы аясында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Акцияның мақсаты – вандализмнің кез келген көрінісін болдырмау және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау.
Жыл басынан бері сот 300-ден астам адамды бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін, жалпы аумақтарды ластағаны үшін, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бүлдіргені үшін жазалады. Олардың барлығы жауапқа тартылды, - делінген ақпаратта.
Вандализмнің алдын алу жұмыстары қалалық прокуратура мен полиция департаментінің үйлестіруімен жүргізіледі.