Елордада бір тәуліктің ішінде 124 ЖКО тіркелді

24 Наурыз 2022, 17:43
1404
Бөлісу:
Елордада бір тәуліктің ішінде 124 ЖКО тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 наурызында сағат 14.00-де Нұр-Сұлтан қаласындағы Қосшы Нұр- Сұлтан қаласының бағытындағы тас жолда 12 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Бұл туралы ПД баспасөз қызметі хабарлады. 

Жол-көлік оқиғасының себебі кінәлі тұлғалардың метеорологиялық жағдайда жылдамдық режимін сақтамауы болды.

Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жол көлік оқиғасының үш қатысушысы дәрігердің қарауынан кейін үйлеріне жіберілді. Аталған факті бойынша анықтау жүргізілуде. 

«Тәртіп сақшылары қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге барынша көмектесіп, сондай - ақ қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», - дейді Патрульдік полиция полкі кезекші бөлімінің бастығы Айбек Нартпаев.

Жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілерге де жолда мұқият болу қажет. 

 

Өзгелердің жаңалығы