Елордада бір күнде 23 адамға қоғамдық орында түкіргені үшін айыппұл салынды

19 Тамыз 2022, 22:58
1626
Бөлісу:
Елордада бір күнде 23 адамға қоғамдық орында түкіргені үшін айыппұл салынды

Кеше елордада қоғамдық орында түкіргені үшін 23 адам айыппұл арқалады. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Арман Айтмағаметов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның айтуынша, қоғамдық тәртіп бұзудың аталған түрі көбінесе көшедегі камералар арқылы анықталады.

Кешегі бір күннің өзінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша полиция қызметкерлері түкіру әрекетіне жататын 23 әкімшілік заң бұзу фактісін анықтады. Олардың барлығы әкімшілік жауапқа тартылды. Анықталған 23 жайттың 17-сі көшедегі камераға түсіп қалса, алтауын полиция қызметкерлері тіркеген Егер мұндай әрекетке куә болсаңыз, тәртіп бұзылған сәтті фото немесе видео түрінде тіркеп, «102» мобильдік қосымшасы арқылы мәлімдеуге болады, - деді Арман Айтмағаметов брифингіде.

Өзгелердің жаңалығы