Елордада бірқатар көшеге жөндеу жүргізілді

5 Маусым 2020, 07:49
1286
Бөлісу:
Елордада бірқатар көшеге жөндеу жүргізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада жол жөндеу жұмысы қарқынды жүргізілуде. Биыл жалпы ұзындығы 100 км болатын 150 көше жөнделеді, оның 100 көшесі тұрғын алаптарында орналасқан, еп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.


Шұғыла, Бұхарбай батыр, Асан Қайғы көшелері, Абай, Жеңіс, Тұран даңғылдары, М. Мақатаев көшесінің жалғасы, Кенесары көшесі, Нұржол бульвары, Мәскеу көшесі, "Тұлпар" көпірінің астындағы айналма жол, Таха Хусейн көкшесі, С. Торайғыров көшесі, Нұрлыжол көшесі, Bi Village, Family Village апаратын жолдағы 15 орталық көшедегі жөндеу аяқталды. Қазір 30 көшеде жөндеу жүріп жатыр.

Атап айтқанда, Сәтбаев, Конституция көшелері және тұрын алаптары жөнделуде. Қаланың барлық тұрғын алаптары қамтылады деп жоспарланған. Айта кетейік, жұмыс кезінде санитарлық талаптап сақталуда.

"Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы бойынша биыл 15 мың жұмыс орны, ал жол жөндеу жұмысары аясында 1,5 мың жаңа орын ашылады. Бірінші кезекте Жұмыспен қамту орталығы арқылы орналастырылады.


Бұл салада жұмыс істеп жатқаныма 13 жыл болды. Бүгін елорданың басты көшелерінің бірін жөндеп жатырмыз. Жұмысымды ауыстырғым келмейді, қала тұрғындарына жайлылық жасаған ұнайды. Жақында Мәңгілік ел көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аумақты бітірдік. Бұл көшені де бір-екі күнде аяқтаймыз, - деді учаске шебері Дмитрий Кушакеев.



Өзгелердің жаңалығы