Елордада бір аптада 600-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген

28 Қыркүйек 2021, 12:01
2529
Бөлісу:
Елордада бір аптада 600-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Данияр Орал журналистерге өткізген брифингте айтты.

Елордада бір апта ішінде 128 қылмыс жасалды, оның 87-сі тәулік ішінде ашылды. Полиция адам өлтіру, денсаулыққа зиян келтіру, алаяқтық, автокөлік тонау, мүлік тонау қылмыстарын ашты. Күдіктілер ұсталып, қылмыстық істер қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ 627 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қазір ауа райының құбылмалығына байланысты жүргізушілер сақ болуы керек, - деді ол.

Елордада бір аптада 600-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген

Данияр Орал атағандай, Полиция департаменті интернет технологиялар арқылы жасалатын қылмыстарға ерекше көңіл бөліп жатыр.

Елордада бір аптада 600-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген

Интернет алаяқтықтың артуына пандемия әсер етті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында интернет технологиялар саласындағы қылмыстардың алдын алу және жолын кесуге ерекше көңіл бөлу қажет екенін айтты. Бүгінде киберқылмыспен күресіп, осы қылмыстарды ашатын арнайы топ жұмыс істейді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы