Елордада білім беру нысандарының өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

21 Сәуір 2022, 19:50
1735
Бөлісу:
Елордада білім беру нысандарының өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық Білім басқармасында балабақша, мектеп, колледж нысандарының өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша онлайн-кеңес өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Кеңеске бейінді басқарманың басшылығы, қалалық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының мамандары, барлық білім беру мекемелерінің басшылары қатысты.

Күн тәртібінде білім беру объектілерінің өртке қарсы жағдайына, тиісті режимді сақтауға, өрт автоматикасы жүйелерін және өртке қарсы құрал-саймандарды ұстау және техникалық қызмет көрсету тәртібіне, өрт туындаған кездегі іс-қимыл тәртібіне және эвакуациялау процесін ұйымдастыруға, қалалық ТЖД ұйғарымдарын орындауға қатысты мәселелер болды.

Осылайша, қаланың білім беру объектілерінде тіршілік қауіпсіздігі мәселелеріне жүйелі тәсілді ұйымдастыру мақсатында ТЖД-да жалпы білім беретін мектептердің, орта кәсіптік оқу орындарының және мектепке дейінгі оқу орындарының оқытушыларын оқыту практикасы енгізілді. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің 450 қызметкері оқудан өтті.

Кеңеске қатысушыларға техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізу, сондай-ақ өрт автоматикасы жүйелерін жұмыс жағдайында ұстау; өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік инспекторлар берген нұсқамаларды толық көлемде орындау; қызметкерлермен және персоналмен өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқама және қауіпсіз эвакуациялау бойынша жаттығулар тұрақты негізде өткізу; мекемелердің электр шаруашылығының жағдайына ерекше назар аудару тапсырылды.

Өзгелердің жаңалығы