Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 2 қарашада Достық үйінде башқұрт мәдениетінің күні өтеді. Бұл туралы "Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі хабарлады.
"2019 жылғы 2 қарашада сағат 16:00-де Достық үйінде (Б.Момышұлы даңғылы, 24/9) Башқұртстан Республикасының құрылғанына 100 жыл толуына орай елордалық "Акбузат" башқұрт этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Башқұртстан Республикасы Әкімшілігінің, Башқұртстан Республикасы Мәдениет министрлігінің және Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен башқұрт мәдениетінің күні өтеді", - делінген хабарламада.Кеш қонақтары этнографиялық көрме мен башқұрт ас үйімен танысып, концерттік бағдарламаны тамашалай алады.
Шараға Башқұртстан Республикасынан келген қонақтар, елордалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары қатысады.