Елордада балаларға арналған лагерьлер ашылады

27 Мамыр 2021, 11:24
9005
Бөлісу:
Елордада балаларға арналған лагерьлер ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facebook-тегі парақшасында «Елордада балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру» тақырыбында өткен онлайн брифинг кезінде Нұр-Сұлтан қаласы Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Римма Имангазинова мәлімдеді.

Біз үшін маңызды және басым тұрған мәселелердің бірі - балалардың жазғы демалысын тиісті дәрежеде ұйымдастыру. Биыл балалар үшін жазғы демалыс БҒМ ұсынған «Қазақстан балалары: Жазды қуанышқа толтырайық» тақырыбы аясында ұйымдастырылады. Балаларымыз үшін жазғы демалыс Санитариялық бақылау департаменті ұсынған алгоритмді сақтай отырып, 1-30 маусым аралығында Оқушылар сарайлары жанындағы «Жазғы демалыс» академиясының, көркем әдебиет және музыка мектептерінде, техникалық шығармашылық орталықтарында түрлі секциялардың ашылуымен басталады. 7 маусымнан 10 тамызға дейін әрқайсысы 10 күннен 5 маусымдық екі қала сыртындағы лагерь ашылады. Бұл - 200 орындық «Арман» туристік-сауықтыру кешені. 160 орындық «Боровичок» сауықтыру лагері, - деді ол.

Маман демалыс уақытында өңір «қызыл» аймақта болған кезде толымдылығы 30%-ға дейін, «сары» аймақта 50%-ға дейін, «жасыл» аймақта толымдылық көлемі шектеусіз болатынын айтты.

Балалар лагері жұмысына колледждердің білім алушылары қатарынан, педагогикалық жасақтар белсенді тартылатын болады. Әрбір мектеп жаппай оқыту қоры аясында Үкіметтің №64 қаулысына сәйкес, лагерьлерге тегін баратын балалардың жеңілдік берілетін санатын анықтайды. 26 мамырдан бастап 19 маусымға дейін ата-аналардың өтініші бойынша барлық тілек білдірген білім алушылар үшін оқыту сапасын арттыру және шектеу шаралары кезіндегі білім алуды, жіберілген олқылықтардың орнын толтыру, сондай-ақ оқушылардың физикалық және эмоционалдық денсаулығын қалпына келтіру мақсатында оффлайн режимінде жазғы мектеп ұйымдастырылады, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы