Елордада балалар тісін тегін емдете алады

15 Маусым 2022, 14:00
1368
Бөлісу:
Елордада балалар тісін тегін емдете алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «Балаларға күлкі сыйла» акциясы өтіп жатыр. Балалар күнінде бастау алған игі іс 18 жасқа дейінгі балалардың тісін жекеменшік стоматологиялық емханаларда тегін емдетуді қамтиды деп хабарлайды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры елордалық филиалының баспасөз қызметі. 

Акцияға қор базасындағы жеке меншік стоматологиялық клиникалар қатысып жатыр. 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге жоспарлы стоматологиялық көмек тегін көрсетіледі. Олардың арасында тера­певтің қабылдауы, тісті жансыздандыру, жақ­тың немесе тістің рент­генографиясы, химиялық материалдардан пломба салу, пульпит пен перидонтитті емдеу, тісті хирургиялық жолмен жұлу, гипоплазия кезінде тістің анатомиялық пішінін толық қалпына келтіру, т.б. қызметтер кіреді, - дейді қордың Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Стоматологиялық көмек көрсету кезінде пациент медициналық ұйымды өз еркімен таңдауға мүмкіндік бар. Учаскелік дәрігердің жолдамасы да талап етілмейді. МӘМС жүйесінде сақтандырылған тұлғаның мәртебесі туралы, жарналар мен аударымдарды төлеу немесе медициналық көмек алу бойынша сұрақтар туындаған жағдайда әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының астаналық филиалына ресми байланыс арналары арқылы жүгінуге болады: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.

Өзгелердің жаңалығы