Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы "Қауіпсіз жол" алдын-алу шарасы 12-14 ақпан аралығында өтті, деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Операция жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған. Тәртіп сақшылары көліктік бақылау инспекциясы, әкімдік, "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ, "Казахавтодор" ЖШС қызметкерлерімен бірлесіп жол-көлік оқиғаларының өсуіне әсер ететін ЖҚЕ бұзушылықтарын анықтауға және жолын кесуге бағытталған рейдтік және алдын алу іс-шараларын өткізеді.Мас күйінде көлік құралдарын басқарумен байланысты бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге, қарама-қарсы жүріп өту, маневр жасау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінің өту ережелеріне және т. б. ерекше назар аударылады.
Сонымен, осы жылдың 12 ақпаны полиция көлік ұрлығын ұстады. Түнде бір әйел полицияға жүгініп, Түркістан көшесінде Toyota RAW4 көлігінің ұрланғанын хабарлады. "Ізін суытпай" жол полицейлері ішімдік ішкен 27 жасар айдап кеткен азаматты ұстады. Анықталғандай, ер адам жүргізуші куәлігін алмаған және бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот қаулысымен құқық бұзушы 20 тәулікке қамауға алынды, - делінген ақпаратта.Жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу кезінде 500-ге жуық тәртіп бұзушылық тіркелді, оның ішінде 11 ЖҚЕ бұзушылық анықталды, 47 жүргізуші көлік жүргізу кезінде телефонды қолданған, 42 адам сақтандыру полисінсіз автомобильмен жүрген. Сондай-ақ, 73 жаяу жүргінші белгіленбеген жерлерде жолдың өтуі үшін жауапкершілікке тартылды.
Жыл басынан бері полиция қызметкерлері 9 мыңға жуық ЖҚЕ бұзушылықты анықтады, оның ішінде көлікті басқару кезінде телефонды пайдаланғаны үшін - 239, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін-334, бағдаршамның тыйым салатын сигналына жол жүргені үшін – 167, көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін – 34 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, жол ережесін бұзғаны үшін 286 жаяу жүргіншіні жауапкершілікке тартты.