Елордада Ауғанстан бойынша ЕҚЫҰ дөңгелек үстелі өтеді

7 Қазан 2019, 21:12
2034
Бөлісу:
Елордада Ауғанстан бойынша ЕҚЫҰ дөңгелек үстелі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің қатысуымен Ауғанстан бойынша ЕҚЫҰ дөңгелек үстелі өтеді. 

"Аталған іс-шараға ЕҚЫҰ-ның Орталық Азиядағы миссияларының басшылары, БҰҰ Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі миссиясының және БҰҰ Орталық Азиядағы превентивті дипломатия жөніндегі Аймақтық орталығының, ШЫҰ, АӨСШК және т.б. өкілдері, сондай-ақ ғылыми-зерттеу топтары мен талдау орталықтары қатысады", - делінген хабарламада.

Іс-шара барысында халықаралық және өңірлік ұйымдардың өкілдері іс-шараға қатысушыларды Ауғанстанға қалпына келтіру және көмек көрсетуге қатысты олардың қызметі туралы хабардар етеді. 



Өзгелердің жаңалығы