Елордада «Аударыспақ алыптары» сайысы өтуі мүмкін

13 Ақпан 2019, 12:59
4637
Бөлісу:
Елордада «Аударыспақ алыптары» сайысы өтуі мүмкін

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Астанада өткен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының алқа мәжілісінде қауымдастықтың атқарушы директоры Рахат Жақсыбай айтты.

Оның айтуына қарағанда бұл мәселе бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Бұған дейін өздеріңіз білетіндей, өткен жылдың соңында Ақтөбе облысы аударыспақтан облыс әкімінің кубогын өткізген. Кеше ғана, 8-10 ақпан аралығында Түркістан облысы әкімнің кубогы сарапқа салынды. Бұл сайыс осылай дәстүрге айналатын түрі бар. Алдағы уақытта Батыс Қазақстан облысы өткізуге мүмкіндіктері бар екенін айтып, хат жолдады. Соған қарағанда келесі бәсеке батыста өтіп қалуы мүмкін» - деді ол.

Сонымен қатар ол, Астанада да аударыспақ мықтылары бас қосуы мүмкін екенін айтты.

«Аударыспақ алыптары» деген атпен Астанада аударыспақ сайысын өткізу қолға алынып жатыр. Сол үшін Астана Цирк мекемесімен келіссөздер жүргізілуде. Егер оң шешімін тауып жатса, елорда төрінде нағыз алыптар сайысы өтетін болады» - деді Рахат Жақсыбай.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жастар жылы аясында Алматыда Азия чемпионаты өтетіні туралы хабарлағанбыз.

Ержан Жаубай

Өзгелердің жаңалығы