Елордада ауа райына байланысты төтенше жағдай жарияланды

27 Қаңтар 2020, 12:09
1517
Бөлісу:
Елордада ауа райына байланысты төтенше жағдай жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин айтты. 

Нұр-Сұлтан қала бойынша төтенше жағдай жарияланды. Ол Әділет басқармасында тіркеуден өтті. Енді қазіргі уақытта 6 аймақ бойынша төтенше жағдай жөніндегі комиссияның отырысы дайындалып жатыр, - деді Юрий Ильин ОКҚ баспасөз конференциясында. 
Оның айтуынша, елді мекендерді қамтамасыз етуде қиындықтар бар жерлерде ТЖ жарияланады. 
Төтенше жағдай жариялаудың себебі – адам өміріне қажетті заттармен  қамтамасыз ету, адамдарды тұрғылықты жеріне және жұмыс орнына дер кезінде жеткізу қиындықтары, сондай-ақ азық-түлікпен және медициналық қызметпен қамтамасыз ету мәселесі. Өңірдегі жағдайға байланысты, жергілікті әкімдіктер төтенше жағдай жариялау туралы шешім өздері қабылдайды, - деді ІІМ өкілі.
Естеріңізге сала кетейік, ауа райының күрт нашарлауына байланысты шұғыл штаб құрылған болатын. Сонымен қатар, бұған дейін елордада ауа райының күрт нашарлауына байланысты бірінші және екінші ауысымдағы 0-12 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылған еді. Төтенше жағдайлар департаментіжұмыс берушілерге жұмыс кестесін қысқартуды және қайта қарауды және ЖОО студенттеріне сабақтарды тоқтатуды ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы