Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Ақмола облысында дауылды ескерту жасады.
9 тамызда Ақмола облысының кей жерінде найзағай күтіледі, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Кей жерде жоғары өрт қаупі сақталады.
Нұр-Сұлтан қаласында 9 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с жетеді, - делінген хабарламада.
Көкшетау қаласында 9 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15 м/с жетеді.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 85-90%.